Тәжікстан ЕАЭО-ға мүше бола ма?

Тәжікстан ЕАЭО-ға мүше бола ма?

Тәжікстан ЕАЭО-ға мүше бола ма?
ашық дереккөзі

Тәжікстан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше болып кірудің барлық мүмкін пайдасы мен шығындарын зерттеп жатыр деп мәлімдеді республиканың сыртқы істер министрі Сироджиддин Аслов. «Біз Тәжікстанның ЕАЭО-ға мүше болудың әлеуетті жағымды және жағымсыз тұстарын әлі де талқылап жатырмыз», — деді С.Аслов Делидегі үндістандық әріптестерімен болған келіссөздердің қорытындысы жөніндегі баспасөз конференциясында. «Тәжікстан экономикалық ұйымдарға мүше болып кіру туралы кез келген ұсыныстарды жеке мүдделер тұрғысынан қарастырады», — деп келтірілген министр сөзі елдің СІМ сайтында.

Ол журналистерге «Тәжікстан географиялық тұйық жерде орналасқандығын» айта кетті. Республика теңізге шыға алмайды, темір жолдар Өзбекстан арқылы өтеді, бұл екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастар күрделі, ал Қытай мен Қырғызстанға баратын автокөлік жолдарымен жүру тау бедерімен қиындатылғандығын алғар тартуда. «Біздің экономика осал: аумақтың 93%-ы — тау, тек 7% жер ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік және өзге қызмет үшін қол жетімді. Біз өзімізге қажет өнімнің 50%-ын және шикізаттың 70%-ын сырттан әкелеміз. Сондай-ақ біздің экономика бірқатар өзге ұрымтал факторлардан тәуелді, сол себепті біз қандай да бір экономикалық ұйымға мүше болу мәселесін сақтықпен қарастырамыз», — деді С.Аслов.