Қазақстандық жүзгіш рекорд орнатты

Қазақстандық жүзгіш рекорд орнатты

Қазақстандық жүзгіш рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Будапештте су спорты түрлері бойынша әлемнің FINA біріншілігінде жүзгіш Әділ Қасқабай 100 метр қашықтықта құлаштап жүзуден межеге 50 секундта келіп, ұзақ уақыттан бері алғаш рет Қазақстан рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚР су спорты түрлері федерациясының баспасөз қызметі. Әділ өзінің бұрынғы 50.10 сек нәтижесін жақсартып, қашықтықты 49.81 сек уақытымен аяқтады. «Бүгінде қазақстандық кроль әдісімен жүзушілер үшін Әділдің нәтижесі - тарихи қадам. Осы 50 секундқа ұзақ уақыт бойы қол жеткізе алмай жүрген едік», - деді жүзу құрамасының бас бапкері Олег Вагизов. «Бірақ Әділ бұл тосқауылды бұзды, енді біздің кролистер тез жүзеді деп сенемін. Әлем чемпионатына дайындық үшін жеті жасөспірімді жаттықтыру үшін іріктеп алдық. Оның ішінде Дмитрий Баландин де бар». Жүзушілерді дайындау жөніндегі кешенді ғылыми топ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Су спорты түрлері федерациясымен бірлесіп, 2013 жылы құрылған еді.