Жаңалықтар

Алматы облысында оқушыны өлтірген үш жасөпірім сотталды

ашық дереккөзі

Алматы облысында оқушыны өлтірген үш жасөпірім сотталды

 Алматы облысының Талғар аудандық Шахзат Махаметов мектебінің оқушысының өліміне қатысты үш жасөспірім сотталды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі бойынша соты үш жасөспірімге сот үкімін шығарды: - Т.К.ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сегіз жылға сотталды. - С.А. және А.Д. ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 4-бөлігі және 106-бабы 2-бөлігінің 5,11-тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылды.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және жоғарғы инстанцияда қаралуы мүмкін.  Еске салайық, қайғылы оқиға 2015 жылы 18 қарашада болған. 15 жастағы оқушының өліміне паралельді сыныпта оқитын А. Д. басты күдікті болып танылған.