Алимент төлеуден жалтарған әкелерді жазалайтын жаңа жоба қолға алынды

Алимент төлеуден жалтарған әкелерді жазалайтын жаңа жоба қолға алынды

Алимент төлеуден жалтарған әкелерді жазалайтын жаңа жоба қолға алынды
ашық дереккөзі
Ақмола облысында бауыр еті баласына алимент төлемей қашып жүрген әкелердің саны 8 мыңға жетеқабыл. Бүгінде өңірде 10 мыңдай бала өзіне тиесілі алиментті ала алмай жүр, деп хабарлайды 24.kz.  Өтемақының жалпы сомасы 250 млн теңгеден асқан. Осыған орай облыстық прокуратура тың ұсыныс жасап отыр. Басты мақсат – борышкерлердің жауапкершіліктен жалтарып кетпеуін қамтамасыз ету. Айталық алимент төлеуші жұмыссызбын деп сылтауратса, сот орындаушысы оған жұмыспен қамту орталықтарына баруға кеңес береді. Нәтиже шықпаса борышкер сот үкімін орындамағаны үшін әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бірнеше жылға бас бостандығынан шектеледі және екі жүз сағат мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тартылады. Құзырлы орган мамандарының айтуынша, осындай жүйелі істер қазірдің өзінде нәтижесін бере бастаған. Себебі соңғы уақытта 98 млн теңге алимент өндіріліп, 29 адам сотталыпты. Ақбұлан Алжанов, облыстық прокуратураның ресми өкілі: - Борышкердің табыс көзін қарап, егер бір жерде тұрақты жұмыс істемесе, тағы басқа табыс көзі болмаса, өндіру қиынға түсетін. Енді қазіргі таңда барлық борышкерлерге жұмыспен қамту бөліміне бару жөнінде міндетті түрде хабарлама беріледі. Ал егер одан жалтарып, жұмысқа тұру жөнінде ешқандай шара қабылдамай жатса, онда ол қылмыстық заңмен ары қарай өз жалғасын табады.