Келесі "Евровидение" Лиссабонда өтеді
26 шілде, 2017 /
Ақниет ОСПАНБАЙ
Келесі "Евровидение" Лиссабонда өтеді
Келер жылы Португалияның Лиссабон қаласында «Еуровидение» халықаралық ән байқауы өтетін болды.
Мұндай шешімді португалиялық телеарна мен Еуропа хабарламалық одағы қабылдады. Бұдан бөлек, жартылай финалдың 8-10 мамыр аралығында, ал финалдың 12 мамыр күні өтетіні белгілі болды.
Португалия «Еуровидение-2018» байқауын өткізу құқығына биыл мамырда Украинада өткен фестивальде әнші Сальвадор Собралдың жеңісінен кейін ие болды.