Жаңалықтар

Өнертапқыштар бактериядан қозғалтқыш жасады

ашық дереккөзі

Өнертапқыштар бактериядан қозғалтқыш жасады

Италиялық ғалымдар бактериядан жасалған қозғалтқыш жасап шығарды. Жаңа құрылғының мөлшері небары 50-ақ микронға тең. Нанотехнологиялар институтының мамандары бактерияның суда жүзу мүмкіндігін пайданала отырып, оны гендік модификациядан өткізді. 1 жасушалы ағзалар шеңберді минутына 2 рет айнала алады. Ғалымдар бұл процесті жарық арқылы бақылауды үйренген. Кішігірім қозғалтқыш жарық сәулесі түскенде жылжиды, ал түнде тоқтайды. Жоба жетекшісі физик Роберто Ди Леонардоның пікірінше, келешекте бактериялық қозғалтқыштың жұмысын компьютерге бағындырып, автоматтандыра аламыз. Кейін оны түрлі салаларда қолдануға болады. Роберто Ди Леонардо Италияның Ұлттық зерттеу кеңесі нанотехнологиялар институтының физигі: – Біз бактериялық қозғалтқыштың ең жоғары жылдамдығына қол жеткіздік. 1 жасушалы ағзалар дөңгелекті одан асқан жылдамдықпен итере алмайды. Олардың әрекеттерін қадағалап отырамыз. Сондықтан біз ойлап тапқан технология қолданысқа өте тиімді. Менің ойымша, біз микророботтар саласын дамытуда үлкен қадам жасадық.