Франция мэрі егеуқұйрық жеді

Франция мэрі егеуқұйрық жеді

Франция мэрі егеуқұйрық жеді
ашық дереккөзі
Франциядағы Мон-де-Марсан қаласының мэрі Шарль Дайо бәстен ұтылып, ондағы шарттарды орындады, - деп жазады 101 Great Goals порталы. Басылымның мәліметінше, қала мэрі ПСЖ мен "Барселона" командаларының Чемпиондар лигасындағы 1/8 финалына бәстескен. Француздар 4:0 есебімен жеңіске жеткен соң Шарль Дайо Facebook желісіндегі парақшасында испаниялықтар жеңіске жеткен жағдайда егеуқұйрық жейтінін мәлімдеген. Осылайша, жауапты матчта "Барселона" ойыншылары француздарды 6:1 есебімен жеңіп, қала мэрі Шарль Дайоға бәстің шарттарын орындауға тура келді. Қала мэрі уәдесін бүкіл елдің көзінше орындады. Егеуқұйрықтың қалай дайындалғаны әзірше белгісіз.