«Номад-Строй» басшысы 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырды

«Номад-Строй» басшысы 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырды

«Номад-Строй» басшысы 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырды
ашық дереккөзі
Астанада «Номад-Строй» басшысы 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырып, 8,5 жылға сотталды. «Номад-Строй» ЖШС директоры Александр Логвинов 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап. Сарыарқа ауданы №2 сотында бүгін үкім шықты. «А.С. Логвинов ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп, құрылыс жұмыстарымен 10 жылға айналысу құқығынан айырыла отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», делінген хабарламада. Еске салсақ, Логвинов «Есіл ЭК» ТК жосықсыз құрылысшысы бола отырып, 206 азаматтан (инвестордан) сомасы 1 млрд. теңгеден астам қаражат жымқырған. Қазіргі уақытта Астана ІІД Логвиновқа және т.б. қатысты Future Home Astana» ТК үлескерлерінің ақшасын жымқыру әрекеті бойынша тергеу жүргізуде.