Жаңалықтар

1414 байланыс орталығына 2 миллиондай қоңырау шалынған

ашық дереккөзі

1414 байланыс орталығына 2 миллиондай қоңырау шалынған

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 1414 байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер жөніндегі сауалдарын жолдап 2 миллиондай адам хабарласты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр байланыс орталығына жыл бойы шамамен 3,5 млн адам хабарласқан. Сонымен бірге, қолданушылардың қанағаттанушылығының орташа бағасы жақсы көрсеткіштегі 4,72 баллды құрады. Бірыңғай 1414 байланыс орталығы 680 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беруді жүзеге асырады. Сонымен қатар, операторлар міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша да кеңес береді. Орталықта 127 оператор жұмыс істейді, олардың қатарында жұмыс істеуіне барлық жайлылық жасалған мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Жұмыс күндері байланыс орталығының операторлары орта есеппен 15 мың қоңырауға жауап береді. Алғашында қарапайым call-орталық болып қызмет атқарған бірыңғай байланыс орталығы қазір азаматтармен өзара байланысудың негізгі арнасына айналды. Қазіргі уақытта пайдаланушылар 1414.kz сайты, электронды пошта және виртуалды онлайн-көмекшілер арқылы сұрақтарын жолдай алады.