Алматыда қаланы абаттандырудың интерактивті картасы жасалды

Алматыда қаланы абаттандырудың интерактивті картасы жасалды

Алматыда қаланы абаттандырудың интерактивті картасы жасалды
ашық дереккөзі
Алматыда қаланы абаттандырудың интерактивті картасы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Енді алматылықтар қаладағы көшелер мен тротуарларда, арықтар мен жылу жүйелерінде жөндеу жұмыстары қашан, қай жерлерде жүргізілетінін алдын ала білетін болады. Айта кетейік, қалада «Open Almаty» жүйесі жүзеге асырылып жатыр. «Қала тұрғындары қай аулада, қай мекенжайда жөндеу жұмыстары жүретінін біле алады. Бұл бөлімдегі ақпараттар жаңарып отырады. Жақын уақытта аялдама кешендерін орналастыру бойынша ақпарат және ПИК картасын саламыз», дейді «Open Almaty» жобасының ресми өкілі Еркебұлан Кенжеболатов.