Мысырда жоғалған жігіттердің қайда екені анықталды
Мысырда жоғалған жігіттердің қайда екені анықталды
Дипломаттар Мысырда жоғалып кеткен студенттердің қайда екенін білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазір ғана келіп жеткен нақты хабарлама бойынша, алты тіл курсының алты тыңдаушысын Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткен. Қазір олар осы елдің аумағында. Олардың өіміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Қазіргі кезде Каирдегі Қазақстан елшілігі студенттердің не үшін ұсталғаны мен қай жерде екенін білу мақсатында ресми жауап күтіп отыр.
"Жақын уақытта Қазақстан елшісі Мысырдың Сыртқы істер министрінің орынбасарымен осы мәселеге қатысты кезідесу өткізеді. Толық ақпарат кездесу қорытындысы бойынша беріледі. Бұл мәселе Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында екенін айтқым келеді", - дейді Жайнақов.