Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 8 768 автокөлік өндірілді
Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 8 768 автокөлік өндірілді
Орталық коммуникациялар қызметінде Республиканың автоөндірушілерінің 2017 жылдың І жартысындағы жұмыс қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған «КазАвтоПром» Қазақстандық атомобильді кәсіпорындар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Олег Алфёров қатысты.
Спикердің айтуынша, есептік кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстан аумағында жалпы құны 64,5 млрд теңгенің жүк техникасы мен автобус техникасын қоса алғанда 8 768 автокөлік құралы өндірілген. «Өнім көлемінің заттай көрінісі өткен жылдың көрсеткішінен 3,6 есе асып түсті. Жеңіл автокөліктер өндірісі 7 779 бірлікке жетіп, 5,3 есе ұлғайды. Автобус техникасын шығару (313 бірлік) 2017 жылдың қаңтар-маусым айлары қорытындылары бойынша бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,4 есе ұлғайды. Жүк автокөліктері өндірісі (487 бірлік) 32,1% қысқарды», – деді басқарма төрағасы. Сондай-ақ спикер 2017 жылдың маусым айының нәтижелері бойынша автокөліктер шығару 1818 бірлікті құрағанын, ол 2016 жылмен салыстьырғанда 2,5 есе өскенін тілге тиек етті. «Отандық автозауыттардың өнім өткеруі жылдың басынан бері 7748 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 57,5% жоғары. Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 21,8% салыстырғанда 37% жетті. Бұл ретте маусымда бұл көрсеткіш тарихи максимумды жаңартып, 46,9% құрады», – деді ол. «КазАвтоПром» Қазақстандық атомобильді кәсіпорындар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы есептік кезеңнің қорытындылары бойынша 831 автокөлік Қытайға, Ресейге, Беларусьяға және Тәжікстанға экспортталғанын жеткізді. Сонымен қатар ол экспорттық жеткізілімдердің көшбасшысы Lada бренді болып тұрғанын атап өтті.