Рүстем Құрманов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болды

Рүстем Құрманов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болды

Рүстем Құрманов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болды
ашық дереккөзі
 ҚР Үкіметінің қаулысымен Құрманов Рүстем Жомартұлы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды prememinister.kz. Р. Ж. Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 - 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында жетекші маман міндетін атқарушы, жетекші маман қызметін атқарған. 2004 - 2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында бас маман болып қызмет еткен. 2006 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында бөлім басшысы болды. 2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде басқарма басшысы, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінде департамент директоры лауазымдарын атқарған. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде департамент директоры, 2013-2015 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарған, «А» корпусы. 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының хатшысы, 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің атқарушы директоры - директоры қызметін атқарған.