Елімізде мейрамхана бизнесінің даму қарқыны қандай?

Елімізде мейрамхана бизнесінің даму қарқыны қандай?

Елімізде мейрамхана бизнесінің даму қарқыны қандай?
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы рестораторлары - «HORECA Қазақстан» мейрамхана-қонақүй бизнесі кәсіпорындары ұлттық қауымдастығының мүшелері - саланың жұмыс істеу және тұтынушылармен өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық рестораторлар қоғамдық тамақтану мекемелерінің аумағында шылым шегу туралы пікірталастың жаңа толқынына назар аударды. Ассоциация бекітілген ережелермен сәйкес қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында темекі шегуге арналған орындарды жабдықтауда көмектесуге дайын, сондай-ақ ассоциация жағынан аталмыш орындардың ережелерге сай болуын қадағалауға әзірлігін білдірді. Бұл мемлекет органдарының шағын және орта бизнесті тексерудегі жүктемесін жеңілдетуге жол беріп, әрі кейбір бақылау функцияларын бизнес-ассоциацияларға тапсырудағы мемлекет саясатына сай болып келеді. Темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу туралы заң Қазақстан аумағында 2009 жылдың күзінен бастап әрекет етеді – бұл «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексінің» 159 бабы. Дегенмен, осы бапта баяндалған ережелердің маңында осы күнге дейін көптеген даулар туындауда. - Көптеген адамдар барлық қоғамдық орындарда емес, атап айтқанда жекелеген орындарда шылым шегуге болмайтынына назар аудармайды, - деп нақтылады «HORECA Қазақстан» ассоциациясының президенті Игорь Копайлов. – Мысалы, қоғамдық тамақтану мекемелерінде шылым шегуге болады, ол туралы заңда нақты айтылған, бірақ осы мекеме шылым шегу үшін арнайы тағайындалған орынмен жабдықталуы шарт. Қоғамдық тамақтану мекемелерінде шылым шегу үшін орындарды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық талаптар 2015 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен Ұлттық экономика министрлігімен қабылданған. Құжатта айтылғандай, осындай орындар бөлме-жайда болуы және желдетумен жабдықталуы керек, оларды тазалау мен жинау тұрақты негізде жүзеге асырылуы қажет. Журналистердің көпшілікке танымал бола бастаған жаңа өнімдер – электронды темекі, шылымды қыздыру жүйелері және басқалары туралы сұрағына жауап бере отырып, Игорь Копайлов, - Біз осындай жаңа өнімдерге оң көзбен қараймыз, өйткені олар дәстүрлі шылым шегудің баламасы болып табылады. Дегенмен, Қазақстан аумағында оларды қоғамдық орындарда пайдалану бойынша нақты ережелер жоқ, сондықтан оларды теңдестірілген реттеу үшін ЕАЭО аумағында бірыңғай ережелерді әзірлеу бойынша жұмыстарды бастау зерделі шешім болады деп ойлаймыз, - деп, атап өтті. Сондай-ақ, қауымдастық өкілдерінің назары кальян шегу тақырыбына да түсті. Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 2013 жылы күшіне енгізілді. Сонымен бірге, осындай тыйым салуды енгізудің негізі рестораторларды абыржытады. Осы мәселе бойынша «HORECA Қазақстан» ассоциациясының заңгері Қуаныш Серкенов келесідей пікірін білдірді: - Егер мәселеге әділдікпен қарасақ, кейбір мекемелерде кальянды бұрынғысынша көп мөлшерде тұтынатынын мойындау керек. Біз, экономикалық мақсаттарға сәйкес, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, осы мәселеге заң шығарушылар назарын аударған жөн деп есептейміз. Яғни, егер кальян әуесқойларының – ал тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанда осындай адамдардың көп - қажеттілігі мен құқықтары тұрғысынан қарастырсақ, онда қандай да бір ымыраға келуге мүмкін болар. Осы мәселені тағы да ойластыру керек, және, қажет болған жағдайда, қауіп-қатердің кез келген мүмкіндігін жоққа шығару үшін кальянға арналған керек-жарақтарды (аксессуарларды) өңдеуге қойылатын қандай да бір талаптарды әзірлеу қажет.  Шылым мен кальян шегу мәселелерінен басқа, «HORECA Қазақстан» ассоциациясының мүшелері қоғамдық тамақтану мекемелерінде қызмет көрсету деңгейі мен сапасын арттыру мәселелері талқыланды. - Әрине, қазақстандық мекемелерде қызмет көрсету деңгейіне біз аса назар аударамыз. Бұл мәселе көбінесе мейрамханаларға қатысты қандай да бір наразылықтар туындағанда көтеріледі. Яғни, тағам сапасы қонақтарды көп жағдайда қанағаттандырады, сондай-ақ, мекемелердің алуан түрлігі мәселесі де тұтынушыларды мазаламайды, мекемелердің баға саясатына қатысты қандай да бір қиыншдықтар іс жүзінде жоқ – осы тұрғыда мейрамхана қызметтері саласы қазір өте жақсы дамыған және әр түрлі. Дегенмен, қызмет көрсету, сервис мәселесі, әрине, кейде өткір қойылады, сондықтан біз қызметкерлер деңгейін арттыруға тырысамыз, оқыту және ынталандыру бағдарламаларын қарастырамыз және енгіземіз. Бұл өзінің жемісін беріп жатыр деп айтуға болады, өйткені біздің мекемелерде қызмет көрсетуге қатысты негізделген наразылықтар жыл сайын азайып келеді, - деп қорытындылады Игорь Копайлов. - Келушілерде жазғы алаңдарға қатысты көбіне сұрақ туындайды, - деп түсіндірді Яна Лыкова, «Рататуй» ресторанының ортақ иесі және басқарушысы. – Әлдекімге осындай алаңда шылым шегуге болатын-болмайтынына қатысты даулар өте көп, анда-санда осыған байланысты қонақтар арасында қақтығыстар туындайды. Дегенмен, ойлап қарасақ, тіпті, жазғы алаңда да шылым шегуге болмайды, өйткені бұл қоғамдық тамақтану мекемесінің аумағы емес пе? Алайда, екінші жағынан, біз әріптестермен бірге тұтынушылардан жазғы алаңды жеке аймақтарға бөлу ұсынысын жиі естиміз. Мемлекеттік тексерулерді жүргізу тәртібі мен заңға сәйкестігі, бизнесті дамытудағы беталыс және мейманхана шаруашылығында және мейрамхана ісінде білім беретін жүйенің жоқтығымен байланысты мәселелер сияқты тақырыптар да талқыланғанын атап өткен жөн. Мейрамханалар мен мейманханалар қызметкерлері арасында мамандандырылған білім берудің жоқтығымен әр бизнес иегері кездесетін сияқты, бұл олардың істерінің дамуын қиын жағдайда қалдырады, өйткені, Қазақстанның қызмет көрсету нарығында білікті мамандар жетіспейді. Шағын бизнес кәсіпорындары кез келген дамыған елдің экономикасының негізін құрайтыны белгілі. Ашық және әділ талқылауға шығарылатын бизнесмендердің ұсыныстары мен үміт-мүддесін елемеу жолсыз, бұл отандық экономиканың дағдарыстан шығуына және Қазақстанның әлемнің 30 озық елдер қатарына енуі туралы міндеттің шешілуіне кедергі келтіретінін дөңгелек үстелге қатысушылар атап өтті.