Қараусыз қалған жерлер мемлекетке қайтарылады
Қараусыз қалған жерлер мемлекетке қайтарылады
Оңтүстік Қазақстан облысындағы қараусыз қалған жерлер мемлекетке қайтарылады. Себебі, суармалы және жайылым жерлер құр жатпауы керек. ҚР Жер кодексіне енгізіліп жатқан өзгерістерді халық арасында түсіндіріп жатқан арнайы комиссия мүшелері осы мәселеге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мақтарал жұртшылығымен кездескен комиссия мүшелерінің сөзінше аграрлы аймақтағы әр жер телімі мақсатты пайдаланылып, табыс әкелуі тиіс. Бүгінде жер реформасы бойынша әр телім электрондық база жүйесіне жүктелген. Бұл базада аукционға, конкурсқа жарияланған барлық жердің есебі көрсетілмек.
Мәселен, Мақтарал ауданы бойынша 2017-2020 жылдар аралығында тұрғындарды жер телімімен қамтамасыз ету үшін 372 гектар жер қажеттілігі анықталып отыр. 300 мыңнан аса халқы бар аймақта «үй салсам» деп, жерге кезекке тұрғандар да көп. 3300-ден асады. Биыл елдімекен шетінен инфроқұрылымы бар, бос жатқан жерлер есебінен 66 жер учаскесі бөлініп отыр. Ал, үй салынбай, игерусіз тұрған жерлер тексеруден өтіп, қайтарылатын болады. Сондай-ақ ауданда ауыл шаруашылығы жерлерінің мақсатты пайдаға асып жатқанын қадағаланбақ. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, түгендеу жұмыстарын басталды. Алдағы уақытта қараусыз қалған суармалы жерлер де мемлекет меншігіне өткізілмек.