Мирзияев ұшқышсыз ұшу апараттарын өндіруді қайта жандандырмақ
Мирзияев ұшқышсыз ұшу апараттарын өндіруді қайта жандандырмақ
Шавкат Мирзияев Ташкент облысындағы Шыршық ауданына сапары кезінде квадрокоптерлер мен агродрондарды ауыл шаруашылығында қолдану жобасымен танысып, жақында Өзбекстан ұшқышсыз ұшу аппараттары өндірісін қолға алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы агродрондардың мүмкіндігін жоғары бағалады.
"Ауыл шаруашылығының болашағы бізді алаңдатар болса, онда біз тез арада жұмыстың қазіргі тәсілдеріне көшуіміз керек. Дрондар өндірісін меңгеруге ерекше көңіл бөлу керекпіз. Бірлескен кәсіпорындар құрып, мамандар дайындауымыз қажет", - деді президент.
Еске салайық, 2014 жылы қарашада үкімет ұшқышсыз ұшу аппараттарын рұқсатсыз қолдануға, ал 2015 жылы дрондарды елге әкелуге, сатуға тыйым салған. Бұл қаулыға сол кезде премьер-министр қызметін атқарған Шавкат Мирзияевтің өзі қол қойған.