Жаңалықтар

Алматының ауқаттылары зәулім үйлері үшін салық төлей бастады

ашық дереккөзі

Алматының ауқаттылары зәулім үйлері үшін салық төлей бастады

Алматылық бай-бағландар мүлік салығын төлей бастады. Мәселен, Медеу ауданындағы зәулім үй қожайындары 1 ай ішінде қазынаға 124 млн теңге төлеген, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Салықшылардың айтуынша, ауқаттылар тіпті мемлекетпен алдын-ала есеп айырысып қойыпты. Естеріңізде болса, өткен айда Медеу ауданындағы 124 зәулім баспана қожайынының қазынаға 36 млн теңге қарызы барын жарияланған болатын. Берешегі барлардың басым бөлігі елге танымал шенеуніктер, әртістер, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер екені белгілі болды. «Қара тізімге» ілінгендерге салықшылар қарыздарын төлемесе, есімдерін елге жариялайтынын ескерткен болатын. «Бұл азаматтарға бұқаралық ақпарат құралдарына төлемеген жағдайда хабарлаймыз дегеннен кейін, ол кісілерде қозғалыс пайда болып бүгінгі күнде бюджетке барлығы салығын төледі. Сәйкесінше, біз ол азаматтар бойынша тізімді бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлаған жоқпыз. Бұл жұмыс тоқтамайды, әрі жүріп отырады»,- деді Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Түменбаев.