Жаңалықтар

Отандық кинопрокаттың жылдық табысы жарияланды

ашық дереккөзі

Отандық кинопрокаттың жылдық табысы жарияланды

Республика бойынша орналасқан кинотеатрларда жыл сайын 300-ден астам фильм көрсетіледі. Соның ішінде отандық киноның саны  12 фильмнен аспайды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің департамент басшысы Ермек Раxымов бүгін "Еуразия" кинофестивалі аясындағы зияткерлік меншікті қорғауға арналған жиында айтты.  Жалпы кинопрокаттан түсетін ақшаның соммасы 70 миллион долларға жетті", - деді Ермек Раxымов. Оның айтуынша, прокатта отандық кино аз болса да, өзімізде түсірілген фильмдердің саны бірте-бірте артып келеді. Ол фильмдердің басым бөлігі "Қазақфильм" киностудиясында түсіріледі. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстанда 93 кинотеатр бар. Ал кинозалдардың жалпы саны 300-ге таяп қалды. Стационарлы киноқұрылғылардың саны да аз емес, 370 дананы құрайды. Айта кетейік, бүгін "Еуразия" кинофестивалі аясында өткен тағы бір секцияда Қырғызстанның кинематографистер одағының төрағасы, режиссер Садық Шер-Нияз киноны бірлесіп дамытуды ұсынды. Оның айтуынша, Голливуд фильмдерінен бас тартып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия сияқты елдердің ортақ кинонарығын қалыптастыруға болады.