Бауыржан Сәрсекенов дүниеден өтті

Бауыржан Сәрсекенов дүниеден өтті

Бауыржан Сәрсекенов дүниеден өтті
ашық дереккөзі
62 жасқа қараған шағында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бауыржан Сәрсекенов өмірден озды. Бұл жайында Қазақстан Футбол федерацясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан Футбол федерациясының ұжымы Бауыржан Сәрсекеновтың туған-туыстарына шынайы қайғырып көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - делінген хабарламада. Айта кетерлігі, Бауыржан Сәрсекенов жаттықтырушы ретінде «Мұнайшы» (Ақтау), «Намыс» (Алматы), «Ақжайық» (Атырау), «ЦСКА» (Алматы), «Жетісу» (Талдықорған) «Ордабасы» (Шымкент) сынды командалармен жұмыс істеген болатын. Қазақстанның футболдан жасөспірімдер құрамасын жаттықтыруды да зор жетістіктерге жетті. «Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін» орденімен марапатталды. Қазақстанның құрама командасы үшін Марат Шахметов, Марк Гурман, Жамбыл Көкеев, Артем Фомин сияқты футболшыларды тәрибеледі. Ал еліміздің жасөпірімдер құрамасы сапында оның тәлім-тәрбиесін алған Юрий Логвиненко, Таңат Нөсербаев, Сабыржан Ибраев, Захар Коробов, Сергей Шафф сынды футболшылар елімізге танымал спортшыларға айналды.