Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жоғары мемлекеттік қызметте табыс тіледі. Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары елдеріміздің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтіп, басым бағыттар бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаласты. Еске салайық, 21 шілдеде ҚР Президенті қысқа мерзімді демалысқа шықты.