Қазақстанда сақтандыру компаниясының бұрынғы топ-менеджерлері түрмеге отырды
Қазақстанда сақтандыру компаниясының бұрынғы топ-менеджерлері түрмеге отырды
Алматыдағы сот Amanat Insurance сақтандыру компаниясындағы алаяқтық қылмыстарына қатысты іс бойынша үкім шығарды. Сот компанияның бұрынғы төрайымы Зәуре Сейітованы және бұрынғы екі басқарушы директорды "жалған құжат жасау" мен "алаяқтық" қылмыстары үшін кінәлі деп таныды.
Сот олардың әрқайсысын екі жыл бес ай 28 күнге бас бостандығын айыру туралы үкім етті, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Іс материалдары бойынша, Зәуре Сейітова, Светлана Писарева және Гүлжан Жаутікова "еңбек келісім-шартын үзу арқылы өтемақы алуды желеу етіп" сақтандыру компаниясының қаражатын иемденген, олар "жалған құжаттар" қолданған.
Сот олардың әрқайсысын бес жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарған. Түпкілікті жаза мерзімін белгілеу кезінде олардың қамауда отырған мерзімі ескеріліп, қамаудағы уақыт жартылай қысқартылған.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ, оған 15 күннің ішінде шағымдануға болады.