Бауыржан Байбек жаңа ХҚКО-ның алғашқы қонағы болды

Бауыржан Байбек жаңа ХҚКО-ның алғашқы қонағы болды

Бауыржан Байбек жаңа ХҚКО-ның алғашқы қонағы болды
ашық дереккөзі
 Бауыржан Байбек жаңа ХҚКО-ның алғашқы қонағы болды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданының Атлеттер ауылындағы күніне 1,5 мың адамға дейін қызмет көрсететін жаңадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алатау ауданы тұрғындарына қызмет көрсету орталығында операциялық зал, өз-өзіне қызмет көрсету секторы, жинақтаушы сектор, әлеуметтік қызмет секторы, құжаттандыру, азаматтарды тіркеу, дайын құжаттарды беру, консультация сынды сегіз сектор жұмыс істейді. Алматы қаласы бойынша ХҚКО филиалының директоры Данияр Ахметов қалалықтарға барынша қолайлы болу үшін «Connection Point» өз-өзіне қызмет көрсету секторының жұмыс жасайтындығын, мұнда қажетті барлық электрондық қызметті, соның ішінде бала бақшаға кезекке қоюға, мекенжай және зейнетақы анықтамасын алуға, некеге тұруға өтініш беруге және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға болатындығын айтты. Күніне 1,5 мың адамға дейін қызмет көрсететін жаңа нысанның залдары барынша қолайлы әрі кең, «Универсиада мұрасы» жобасы аясында жаңа жиһаздармен жабдықталған. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдайлар жасалған, олар  ыңғайлы пандустарды, лифтерді пайдаланып, өздеріне қажет түрлі тетіктерді баса алады.