Жаңалықтар

ОҚО-да әкімнің кеңесшісі мен мәслихат депутаты жол апатынан қаза тапты -

ашық дереккөзі

ОҚО-да әкімнің кеңесшісі мен мәслихат депутаты жол апатынан қаза тапты -

ОҚО-да әкімнің кеңесшісі мен мәслихат депутаты жол апатынан қаза тапты. Әкім кеңесшісі мен мәслихат депутаты ұшыраған жол апатына қатысты жаңа деректер пайда болды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен ОҚО мәслихат депутаты Қамытбек Айтөреев жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Түркістан прокуроры Руслан Әбдірайымов Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.  "Шымкент-Самара тасжолының 107-шақырымында жол жиегінде техникалық ақаумен тұрған Газ-53 автокөлігіне Тойота Прадо көлігі сағат 13-тер шамасында соғысып, Тойота көлігіндегі екі жолаушы - облысымызға танымал екі азаматымыз, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен облыстық мәслихаттың депутаты Қамытбек Айтөреев оқиға орнында көз жұмды. Ал Тойота көлігінің жүргізушісі ауруханада жансақтау бөліміне түсіп, оған көмек көрсетіліп жатыр. Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық істі ОҚО ІІД-нің Анықтау басқармасы өндірісіне алды", - деп жазды прокурор әлеуметтік желіде.  Сондай-ақ, Әбдірайымов қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. "Қайғыға ортақтасып, Сейіт Ертай мен Қамытбек Айтөреевтің отбасына көңіл айтамыз, бекем болыңыздар. Өмірден өткен ағаларымыздың жаны жәннатта, топырағы торқа болсын. Аумин", - деп жазды Түркістан прокуроры.