Елордаға Пласидо Доминго келді

Елордаға Пласидо Доминго келді

Елордаға Пласидо Доминго келді
ашық дереккөзі
Даңқты әнші, аты әлемге әйгілі опера жұлдызы Пласидо Доминго Астанаға келді. «Астана Опера» театры өкілінің хабарлауынша, «келесі аптаны маэстро елордалық театрда өткізеді. Ол «Опералия» байқауы аясында әлемге жаңа  опера жұлдызын таныстыратын болады. Әлемдегі ең беделді «Опералия Пласидо Доминго» опера байқауы «Астана Операда» 24-29 шілде аралығында ҚР Мәдениет және спорт минстрлігінің қолдауымен ЭКСПО-2017 бағдарламасының аясында өтеді. «Опералияның» жиырма бесінші маусымына қатысатын әлемнің 17 елінің дарынды 40 жас  вокалистерінің қатарына «Астана Опера» әншісі,көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудрякты қосқанда, 4 қазақстандық әнші кіреді. Құрметті қонақ - КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова. Жұртшылық байқаудың барлық кезеңдерін тамашалай алады. 24, 25 және 26 шілдеде өтетін ширек финал және жартылай финал турлары тыңдау нысанында өтеді. Қатысушылар «Опералия» концертмейстерінің аккопанементімен әлемдік опера классикасынан олар таңдаған арияны орындайды. 29 шілдеде финал кезінде жеңіске он үміткер маэстро Домингоның басқаруымен «Астана Опера» симфониялық оркестірінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді. Еске салсақ, «Опералияға» 18-32 жас аралығындағы кез келген  дауысты  (бастан сопраноға дейін) әншілер қатыса алады. Жалпы жүлде қоры 180 000 АҚШ доллары. Ерлер мен әйелдер дауыстары арасында 1,2 және 3 сыйлық лауреаттарын марапаттаудан басқа, жүлденің ішінде Р. Вагнер, Р. Штраус операсынан репертуарларды үздік орындағаны үшін Б. Нильсон атындағы сыйлық, сарсуэлді (опереттеге жақын испан музыкалық-сценалық жанр)  үздік орындағаны үшін Пепита Эмбил де Доминго мен аға  Пласидо Доминго  сыйлығы бар.