Еділ кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады

Еділ кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады

Еділ кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады
ашық дереккөзі
Бүгін АҚШ-тың Шарлотт қаласында Қазақстанның тағы бір боксшысы кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстанның кәсіби боксы» әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. Екінші орта салмақта (76,2 келі) ел намысын қорғауға бел буған Еділ Қожамбердиев төрт раундтық кездесуді өткізді. Алайда бұл жекпе-жекке екінші раундқа да жеткен жоқ. Еділ Қожамбердиев бірінші раундта өз қарсыласын нокаутқа түсірді. Оған қарсы америкалық Кавариус Хаскинс шыққан болатын. Осылайша Қазақстанның тағы бір боксшысы кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастап отыр. Айта кетейік, бұған дейін жартылай орта салмақта Дәулет Дәукенов ресейлік боксшы Аxматбек Абдуллаевты жеңіп, кәсіби бокстағы мансабын сәтті бастаған болатын.