Қазақстандық шахматшылар Тайландтан жүлделі оралды

Қазақстандық шахматшылар Тайландтан жүлделі оралды

Қазақстандық шахматшылар Тайландтан жүлделі оралды
ашық дереккөзі

Тайландта оқушылар арасында өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар алтын медаль иеленді. Жеңіске жеткен оқушылардың есімі – Әмина Қайырбекова мен Сайын Жанат.

Аталмыш әлем чемпионатында қазақстандықтар командалық есепте 4-орынға жайғасты. Қазақстанның атынан барған шахматшылар 10 медальге қол жеткізді. Оның ішінде 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль бар. Самал Абдуали, Арыстанбек Оразаев, Алтынай Қожамқұл, Қазыбек Нөгербек, Назерке Нұрғали қола жүлдені иеленсе, Аңсат Алдияр, Дениз Құрманалин, Әмина Қайырбекова күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал алтын медальді Сайын Жанат пен Әмина Қайырбекова иеленді. Айта кетейік, Әмина Қайырбекова 9 ұпайдың 8-ін жинап, турнирдің жеңімпазы атанған. Содан кейін Әмина алтын медаліне қосып күміс жүлдеге де қол жеткізді.