Шығыс Қазақстанда су құбыры 4 адамның өмірін қиды

Шығыс Қазақстанда су құбыры 4 адамның өмірін қиды

Шығыс Қазақстанда су құбыры 4 адамның өмірін қиды
ашық дереккөзі
Үржар ауылында су құбыры компаниясының екі қызметкері құдыққа түсіп, тұншығып қаза болды. Оларға көмекке ұмтылған екі адам да уытты газдан уланып, бірден мерт болды, деп хабарлады YK-news.kz. Бүгін Үржар ауылында Рысқұлов көшесі бойынша қайғылы оқиға болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, күндіз су құбыры компаниясының үш қызметкері құдықтардың біріне түсіп, екеуі де бірден естерінен танып қалды. Сыртта қалған үшінші қызметкер көмек шақыра бастады. Жәрдемдесуге ұмтылған екі жүргінші құдықтың түбіне түсіп, олар да қас-қағым сәтте көз жұмды. «Шақыртудан кейін оқиға орнына ӨБ-60 өрт сөндірушілері жетті», - деп хабарлады ШҚО ТЖ баспасөз қызметінен. Құтқарушылар арнайы костюмде, оттегі бетпердесімен 2,5 метрлік тереңдікке түсіп, қаза тапқан төрт адамның мүрдесін сыртқа шығарды. Олардың қайтыс болуына құдықта ұзақ уақыттан бері жиналып қалған уытты газ себеп болды. Қайғылы жағдайдың мән-жайын өкілетті органдар анықтауда.