Қазақстандық екі футбол клубы еурокубоктан шығып қалды
Қазақстандық екі футбол клубы еурокубоктан шығып қалды
Қазақстандағы екі футбол клубы еуропалық кубоктың іріктеу сынынан шығып қалды. Еуропа Лигасы іріктеу турының екінші раундында алматылық "Қайрат" және павлодарлық "Ертіс" қарсыластарына жол беріп, келесі айналымға өте алмады.
Кахабер Цхададзе бастаған алматылық "Қайрат" сырт алаңда албаниялық "Скендербеу" клубынан 0:2 (алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған) есебімен ұтылды. Болгар маманы Димитар Димитров басқаратын павлодарлық "Ертіс" дәл осындай есеппен сырт алаңда сербиялық "Црвене Звездаға" (алғашқы ойын - 1:1) жол берді. Екі апта бұрын шымкенттік "Ордабасы" командасы да жарыс жолынан шығып қалған еді.
Осылайша, 2017-2018 жылдардағы маусымда еурокубокта Қазақстаннан "Астана" ғана қалды. Сейсенбі күні ол Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу турында Юрмалалық "Спартактан" өтті.
Қазақстандағы футбол клубтарының дені жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.