Каракастағы жаппай ереуіл кезінде екі адам көз жұмды

Каракастағы жаппай ереуіл кезінде екі адам көз жұмды

Каракастағы жаппай ереуіл кезінде екі адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Венесуэлада бейсенбі күні үкімет саясатына қарсы жаппай ереуіл өтті. Полициямен қақтығыс салдарынан екі адам өлген, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
Бірнеше қалада сайдау нүктелері мен көлік жолдары жабылды. Көшелерге баррикада тұрғызылды. Оппозиция көп шоғырланған Каракас қаласы бас көтерулердің ошағына айналды. Полиция үкіметті жақтайтын Venezolana de Televisión телеарнасының алдына жиналғандарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған. Оппозиция Николас Мадуро үкіметінен ел конституциясын өзгерту ниетінен бас тартуын талап етіп отыр. Сонымен бірге оппозиция саяси еркіндік беруін, халыққа азық-түлік жеткізуін қалайды. Николас Мадуро 30 шілдеге референдум тағайындады. Ол Конституцияны қайта жазатын конституциялық ассамблея құруды бекітуі керек. Сол арқылы Мадуро атқарушы биліктің құзыретін күшейтіп, парламент билігін шектейді. Әлем елдері Мадуроны мұндай референдум жасамауға шақырды. Президент райынан қайтпаса, АҚШ Венесуэлаға санкция қолдануы мүмкін. Оппозиция мәліметіне қарағанда, елдегі жұмысшы халықтың 85 пайызы ереуілге қатысты. Мадуроның мәлімдеуінше, "жүздеген кәсіпорын жұмыс істеуін тоқтатқан жоқ".