Ақтоғай станциясын туристік ошақ ретінде дамыту қажет
Ақтоғай станциясын туристік ошақ ретінде дамыту қажет
Жергілікті билік Ақтоғай станциясын туристік ошақ ретінде қарастырып отырған жоқ. Ол жер өндірістік аймақ болып қала береді. Себебі мыс кенін өндіру жұмысы қолға алынған. Алайда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Ақтоғайды туристік ошақ ретінде дамыту қажет деп санайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Мәселен, Ресейден келетін туристер Балқаш, Алакөл және тағы басқа жерлерге бару үшін Ақтоғайдан түсіп, басқа пойыздарға отырады. Сонда барлығы шағымданады. Өйткені Ақтоғайда ештеңе жоқ. Вокзал да, инфрақұрылым да, қауіпсіздік те жоқ. Міне, дәл осы себепке байланысты туристердің көбісі Қазақстанға келмейді. Ақтоғай бізге өте қажет, оны туристік әрі транзиттік xаб ретінде дамытқан маңызды", - деді Мұxамедиұлы отандық туризмді дамытуға арналған жиында. Министрдің айтуынша, Ақтоғай станциясын ретке келтірсе, Ресейден келетін туристердің саны үш есе көбейеді. Айта кетейік, Ақтоғай станциясы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Пойыздардың басым бөлігі дәл осы станция арқылы өтеді. Ал Қазақстанға көрші елдерден келетін туристер Ақтоғайға дейін барып, сол жерден басқа пойыздарға отырады.