Жаңалықтар

Елбасы Премьер-министрді қабылдады

ашық дереккөзі

Елбасы Премьер-министрді қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті қабылдады деп хабарлайды Ақ Орданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Үкімет басшысы Қазақстан Президентіне негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады. ҚР Президенті: «Келісім бойынша комиссия құрылды.Тапсырмалар берілді, қазір енді комиссияның жұмысын түзету керек. Алдағы комиссияның атқаратын жұмыстарына бел сыбана кірісу керек», - деді. Нұрсұлтан Назарбаев комиссияның белсенді әрі тиімді жұмыс істегені маңызды екенін атап өтіп, кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.