Жаңалықтар

Сауд Арабиясы ханзадасы тұтқындалды

Сауд Арабиясы ханзадасы тұтқындалды

Эр-Рияд полициясы Саудия королінің бұйырығымен Сауд Арабиясы ханзадасын тұтқындады, деп хабарлайды Al-Ekhbariya телеарнасы.

Al-Ekhbariya телеарнасының мәліметі бойынша, Сауд Арабиясы королі Салман бен Абдельазиз әль-Сауд Eremnews порталына жарияланған бейнероликтен кейін ханзада Сауд бен Абдул- Азиз бен Мусаидті тұтқынға алуға бұйырық берген. Eremnews порталы жариялаған видеороликте 27 жастағы ханзаданың заң бұзып, ханзадалық дәрежесін асыра пайдаланғаны үшін полиция қызметкерлері оны тұтқындағаны бейнеленген.