MTV Music awards жүлдесі тұңғыш рет қазақ баласына бұйырды

MTV Music awards жүлдесі тұңғыш рет қазақ баласына бұйырды

MTV Music awards жүлдесі тұңғыш рет қазақ баласына бұйырды
ашық дереккөзі
Ел мақтанышы Димаш Құдайберген әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірін еншіледі. Бұл туралы әншінің продюсері әрі ресми өкілі Алпамыс Шаримов Инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады. «Екінші күн қатарынан үлкен марапат! Әлемдегі ең үлкен марапаттардың алды болып табылатын MTV Music awards жүлдесі тұңғыш рет қазақ баласының еншісінде! Бұл тариx! Құтты болсын, жан досым!!!» - деп жазылған хабарламада. Бұған дейін Алпамыс БАҚ өкілдеріне Димаштың Гуанчжоуда өтетін MTV Music Awards Asia шарасына қатысатынын хабарлаған. Қазақстандық әнші онда «Азияның ең танымал шетелдік әншісі» аталымына үміткер ретінде қатысатынын мәлім еткен. Еске сала кетейік, күні кеше Димаш Құдайберген  Қытайда Asian Music GaLa марапаттау кешінде "Ең танымал шет елдің әншісі" номинациясының иегері атанған болатын.