Ердоған екі сағатта түрік үкіметін түбегейлі өзгертті

Ердоған екі сағатта түрік үкіметін түбегейлі өзгертті

Ердоған екі сағатта түрік үкіметін түбегейлі өзгертті
ашық дереккөзі

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Бинали Йылдырымның жабық есік жағдайында өткен екі сағаттық кездесуінен кейін, Түркия үкіметінің министрлер кабинеті толықтай өзгертілді деп хабарлайды Qazaqtimes.kz. 

Бүгін Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым ел үкіметіндегі ауыс-түйістерді халық назарына ұсынды. Онда жеті министрдің орны ауысып, жаңадан алты министр қызметке алынған. Ердоған мен Йылдырымның екі сағатта ел үкіметін адам танымастай етіп өзгертуінің сыры не де екендігі әзірге белгісіз. Бірақ шетелдік сарапшылардың болжамы бойынша, бұл Ердоған билігін күшейту үшін жасалып жатқан қадамдар болуы мүмкін. "Гүленшілер" деген желеумен мыңдаған адамды тұтқындап, саяси аренадағы қарсыластарын тазарту операциясын бастап кеткен болатын.