Жаңалықтар

Қазақстанда 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

ашық дереккөзі

Қазақстанда 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады.Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімін мына жерден алуға болады. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні "Е-ХҚКО" бірыңғай қызметкөрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу. "Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде - "Е-ХҚКО" қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады", - дейді Оспанов. Ол пилотты іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет берілгенін де айтып өтті, оныңішінде 428 - туу туралы куәлік, 17 - қайтыс болуды тіркеу, 17 - соттың шешімі негізінде некені бұзу. Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттік қызметстандартына сәйкес,қайтыс болуды тіркеу - бір жұмыс күні ішінде,бала тууды тіркеу және 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу - 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған. Сағат 17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағат 12.00-ге дейін беріледі.