Сауд Арабиясы тұрғыны қысқа юбка үшін түрмеге отыруы мүмкін

Сауд Арабиясы тұрғыны қысқа юбка үшін түрмеге отыруы мүмкін

Сауд Арабиясы тұрғыны қысқа юбка үшін түрмеге отыруы мүмкін
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясы билігі қысқа юбка киген қызды ұстады. Интернетте жергілікті модель Хулудтың көне Ушайкир қаласында қысқа юбка, келте жейде киіп алып қыдырған видеосы тараған. Модель бұл видеоны желіге өзінің рұқсатынсыз салғанын айтты. Полиция қызды "әдепсіз киінгені" үшін қамауға алды. Хулудты кінәлі деп таныса, оған айыппұл салынып қана ғоймай, түрмеге отырғызуы да мүмкін. Полиция патшалықтың шариғат ережелерінің сақталуын қадағалайтын мемлекеттік комитетке арызданған. Twitter қолданушылары видео үшін полицияға шағымданған. Олар роликті "модель Хулуд сотталсын" деген хештегпен жариялады, бірақ видеода қыздың жалаң аяғын жасырып қойған. Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы бұл істі модельді алалау деп атады. Сауд Арабиясында әйелдер басынан аяғына дейін киініп жүруге міндетті. Олар автокөлік жүргізбеуі тиіс.