__Басты слайдерЖаңалықтарҚоғам

Астанада әскердегі жемқорлық ісі бойынша үкім шығарылды

Астанадағы сот 19 шілдеде қарулы күштер қажетіне бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қатысты іс бойынша 11 адамға үкім шығарды.

Сот қарулы күштердің материалдық-техникалық қамту басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары подполковник Төлеміс Жұмқазиев кәсіпкерлерден пара алған деп таныды. Жұмқазиев 12 жылға бас бостандығынан айрылды, мүлкі тәркіленеді.

Сонымен бірге сот кәсіпкерлерден пара алғаны үшін оның орынбасары Шәріповті және қарулы күштердің қаржы инспекциясының қызметкері Гапированы 10 жылға соттады.

Пара бергені үшін алты коммерциялық фирманың басшылары төрт жылдан бес жылға дейін түрме жазасын алды. Олардың арасында төрт әйел бар. Сот әйелдердің 50-ден асқан жасын ескеріп, жазаның бестен бір бөлігін қысқартқан.

 

Back to top button