Халықаралық полиция Әблязовты қуғындауды доғарды
19 шілде, 2017 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Халықаралық полиция Әблязовты қуғындауды доғарды
Халықаралық құқық қорғау органдары енді қазақстандық БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың ізіне түспейтін болды.Бұл туралы AFP хабарлайды.
Еске салсақ, 7 маусым күні Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен сотталған Әбілязов енді емін-еркін жүріп-тұра алады.
Ал халықаралық полиция болса, бұрынғы банкирді іздеу туралы “қызыл хабарлама” жүйесін алып тастаған.
Оны қазақстандық сот банк қаражатын жымқырып кетті деп айыптап, 20 жылға сырттай соттаған еді.