Дауыл кезінде үстіне шатыр құлаған өскемендік қария қаза тапты
Дауыл кезінде үстіне шатыр құлаған өскемендік қария қаза тапты
Өскемендегі дауыл салдарынан ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды YK-News жергілікті сайты.
Сайттың ақпаратына сүйенсек, 82 жастағы еңбек ардагері Шерияздан Исанов сейсенбі күні тоғыз жарым кезінде қаза тапқан.
Қарт адам Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ғимаратына бара жатқанда қатты дауыл тұрған. Ер адамның үстіне шатыр құлап, ауыр жарақат алған. Зейнеткердің сегіз қабырғасы сынып, өкпесіне жарылып жан сақтау бөліміне түскен. Бірінші қалалық аурухана хабарлағандай, дәрігерлер қанша тырысқанымен, ер адамның өмірін арашалап қала алмапты.
Бұдан бұрын дүйсенбі күні кешке Өскеменде соққан қатты дауылдан бес адамның зардап шеккені хабарланған еді.