Жаңалықтар

1 миллиардқа жуық адам кедейліктен арылған

ашық дереккөзі

1 миллиардқа жуық адам кедейліктен арылған

Осы уақытқа дейін 1 миллиардқа жуық адам кедейліктен арылған. Алайда 760 млн адам әлі де күніне 1,9 доллар ғана жұмсай алатын кедейлік деңгейінде. Мұндай мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымы келтіріп отыр. Ұйымның мәліметінше, 2000-2015 жылдар аралығында аналар өлімі әлемде 37 пайызға, бес жасқа дейінгі балалар өлімі 44 пайызға төмендеген. Алайда бес жасқа дейінгі балалардың көпшілігі әлі күнге дейін толыққанды тамақпен қамтылмайды. Тіпті 2016 жылы 155 мылн баланың өсу қарқыны бәсеңдеген, 05,9 млн бала бес жасқа келмей қайтыс болған. Сондай-ақ, өткен жылы 30 мың әйел жүкті және туыт кезінде қайтыс болған. БҰҰ-ның мәліметінше, мемлекеттер арасында болсын, қалалар мен ауылдар, тіпті ерлер мен әйелдер арасында да өрекениетті қоғам тең дәрежеде қалыптасып отырған жоқ. Осыған байланысты БҰҰ: "Кедейшілікті жою және бүкіл әлемде барлық адамдардың өркениетін қамтамасыз ету үшін әлсіз топтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту маңызды", - дейді. Сондай-ақ, БҰҰ 2030 жылға дейінгі әлемнің тұрақты дамуына арналған 17 мақсатты анықтаған. Ал ұйым мүшелері болса «халықтың аштық пен кедейліктен арылуына және барлық адамдардың салауатты ортада әрі тепе-теңдікте өмір сүруіне жағдай жасаймыз" деп уәде еткен.