Қырғызстанның бірінші президентінің бұрынғы күйеу баласы 20 жылға сотталды

Қырғызстанның бірінші президентінің бұрынғы күйеу баласы 20 жылға сотталды

Қырғызстанның бірінші президентінің бұрынғы күйеу баласы 20 жылға сотталды
ашық дереккөзі
  Бішкектің Бірінші май аудандық соты Әділ Тойғанбаевты сырттай 20 жылға бас бостандығынан айыру, дүние-мүлкін тәркілеп және 20 мың сом айыппұл төлеу жөнінде шешім шығарды. Сонымен бірге жәбірленуші тарап "Халықаралық Манас әуежайына" 677 млн сом (9,6 млн$) төлеуді міндеттеді. Әділ Тойғанбаев шетелде жасырынып жүргендіктен, оны сырттай соттау жөнінде шешім шығарған. Бұл жөнінде Қырғызстанның Жоғарғы соты хабарлайды. Қазақстан азаматы Әділ Тойғанбаев – Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаевтың үлкен қызының бұрынғы күйеуі. 2005 жылы революциядан кейін Тойғанбаевқа қарсы "Салықтан жалтару", "Мемлекет мүлкін ұрлау", "Алаяқтық жасады" деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әділ Тойғанбаевға Интерпол бойынша халықаралық іздеу жарияланған. 2013 және 2014 жылдары ол бірнеше рет Алматыда және Мәскеуде ұсталған. 2016 жылы Дубайда ұсталды. Бірақ Қырғызстан билігі оны экстрадициялай алмады.