Бейсенбі, 30 Наурыз, 2023

Еркін күрестен әлем біріншілігінде сегіз балуан ел намысын қорғайды

Франция астанасы Париж қаласында күрес түрлерінен өтетін әлем біріншілігінде еркін күрестен ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Тамыздың 21-26 аралығында өтетін додада еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев мына балуандарға үміт артып отыр: 57 келіде Нұрислам Санаев, 61 келіде Дәулет Ниязбеков, 65 келіде Мейіржан Әшіров, 70 келіде Ақжүрек Таңатаров, 74 келіде Ғалымжан Өсербаев, 86 келіде Азамат Дәулетбеков, 97 келіде Мамед Ибрагимов және 125 келіде Іңкәр Ермұхамбет өнер көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button