Жаңалықтар

"ВКонтакте" желісінде жаңа реалити-шоу ашылады

ашық дереккөзі

"ВКонтакте" желісінде жаңа реалити-шоу ашылады

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі "Паблик ойындары" атты жаңа реалити-шоу ұйымдастырып, қатысушыларға кастинг жариялады. Бұл шараға желідегі MDK, "Палата №6", "Борщ" және "Корпорация Зла" топтарына жазылған адамдар қатыса алады, - деп жазады TJ инсайдерлерге сілтеме жасап.  Бірнеше кезеңнен өткеннен соң, 24 адам іріктелінеді. Оларды бейнебақылау камералары бақылап отырады. Сонымен қатар олар 24 тапсырма орындауы тиіс. Әр адам өз қауымдастығының намысын қорғайтын болады.  "Мұндай шара әлеуметтік желіде бірінші рет ұйымдастырғалы отыр. Оның пабликтердің құрылтайшылары ұйымдастырды. Сондай-ақ бұл жарыста заманауи технологиялар қолданылады: мысалы ең әлсіз ойыншыны нейрожелі анықтайды", - деді "ВКонтакте" желісінің баспасөз қызметінің өкілі Евгений Красников.  Көрермендер жаңа шоуды 2017 жылдың қыркүйегінде "Паблик ойындары" тобынан көре алады. Ерекше сериал 48 күнге созылады.