Қазақстандықтар шетелдік портал арқылы миллион транзакция жасаған

Қазақстандықтар шетелдік портал арқылы миллион транзакция жасаған

Қазақстандықтар шетелдік портал арқылы  миллион транзакция жасаған
ашық дереккөзі

2016 жылы қазақстандықтар шетелдік интернет порталдар арқылы 5 млн транзакция жасаған. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 28,3 пайызға (3,9 млн транзакция) өскен. Ал транзакцияның жалпы сомасы 79,8 млрд теңгені құрап, 2015 жылға қарағанда 43,2 пайызға (55,7 млрд теңге) артты. Сондай-ақ, интернет порталдар арқылы 2016 жылы 4,9 млн тауар сатып алынған. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 27,8 пайызға (3,8 млн теңге) өскен.