Жаңалықтар

Өзбек әншілеріне лицензия беру талаптары күшейді

ашық дереккөзі

Өзбек әншілеріне лицензия беру талаптары күшейді

"Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесі жанынан шығармашылық кеңес құрылған. Енді өнер көрсету үшін лицензия алғысы келетін әртістер сол кеңестің алдында жанды дауыспен ән салуы керек. Кеңеске атақты клипмейкерлер, режиссерлер, ақындар мен сазгерлер кірген, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.  Жақында өткен алғашқы жиында шығармашылық кеңес мүшелері 32 әншіні тыңдады. Бұған дейін лизенция алғысы келген әншілер дисктерін тиісті органдарға өткізетін. "Өзбекконцерт" басшысы Одилжон Абдукаххаров 1 шілдеде лицензия беру шарттары өзгергенін хабарлады. Оның айтуынша, енді өзбек әншілеріне клиптерін Интернетке шығармашылық кеңестің рұқсатынсыз жариялауға тыйым салынады. "Сол арқылы біз ұлттық дәстүрді сақтап, өзіміздің менталитетке қайшы келетін клиптердің Интернетте тарауына жол бермейміз", - деді Абдукаххаров. Ұлттық дәстүрге сай емес клиптер эфирден алып тасталған. Жаңа тәртіп бойынша, концерт ұйымдастыруға лицензия алу үшін әнді концерттік бағдарламасының кем дегенде 60 пайызын орындауы тиіс. Еске салайық, 11 шілдеде "Өзбекконцерт" бірқатар әншілердің лицензиясын тартып алды. Лицензия әншілерге бір жылға ғана беріледі.