Қырғыз дәрігерлері жұмыстарынан жаппай бас тартуда

Қырғыз дәрігерлері жұмыстарынан жаппай бас тартуда

Қырғыз дәрігерлері жұмыстарынан жаппай бас тартуда
ашық дереккөзі
Қырғызстанда жыл басынан бері 600 дәрігер жұмысын тастап кеткен, деп хабарлайды 24.kz Жалақының аздығы, әлеуметтік жеңілдіктердің жоқтығы осындай жағдайға мәжбүрлеп отыр. Сонымен қатар, медициналық институтты бітірген түлектердің көбі ауылдық елді мекендерде қызмет етуден бас тартып жатыр. Осыған байланысты қазір республикадағы медициналық мекемелерде, әсіресе ауыл-аймақтарда мамандар тапшылығы сезіле бастады. 600 дәрігер жұмыстан шықты, 612 жас маман қызметке алынды. Сырттай қарағанда, бір жылдағы көрсеткіш көңіл көншітерлік сияқты. Бірақ тәжірибелі дәрігерлердің жаппай жұмыстан кетуі алаңдаушылық тудырады. Соның салдарынан қазір көп жерде білікті мамандар жетіспейді. Әсіресе бұл жағдай ауылдарда анық байқалады. Айбар Султангазиев, ҚР денсаулық сақтау министрлігі кеңесінің төрағасы: - Ең негізгі себеп – жалақының аздығы. Әсіресе жас дәрігерлер көпке шыдамайды. Өйткені олар бастапқыда бар-жоғы 3 мың сом көлемінде айлық алады. Ал білікті дәрігерлер қазір жеке медицина саласына ауысып жатыр. Елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, мамандардың жаппай жұмыстан кетуі Шу және Ош обылыстарында анық байқалады. Ал бұл – Қырғызстандағы экономикалық жағдайы тәуір аймақтар. Басқа өңірлерде жағдай тіптен қиын. Әсіресе кей ауылдарда 1 дәрігер жүздеген адамға қызмет етуге мәжбүр. Осыған орай министрлік жас кадрларды ауылға тартуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға кірісті.