Аргентинада ауа температурасы рекордтық деңгейге дейін төмендеді

Аргентинада ауа температурасы рекордтық деңгейге дейін төмендеді

Аргентинада ауа температурасы рекордтық деңгейге дейін төмендеді
ашық дереккөзі
Аргентинадағы Сан-Карлос-де-Барилоче қаласында рекордтық аяз тіркелді, деп хабарлайды ұлттық метерелогиялық қызметі. Термометр бағаны 25,4 градусқа дейін төмендеді, бірақ тұрғындардың сөзіне қарағанда, - 29-дан кем емес. Метерологтардың сөзінше, температураның мұндай күрт төмендеуіне Аргентинаның ең танымал туристік орталығы болып есептелетін осы қаланы қармен құрсаулаған «Ғасыр бораны» себеп болды. Аяз жергілікті әуежайдың жұмысына нұқсан келтірді, 20 мыңнан астам адам жарықсыз қалды. Мұның алдындағы аязға байланысты рекорд Барилочеде 1963 жылы болған еді. Онда ауа температурасы 21,1 градусқа дейін төмендеген.