Жыл басынан бері 51 азамат пойыз атына түсіп кеткен

Жыл басынан бері 51 азамат пойыз атына түсіп кеткен

Жыл басынан бері 51 азамат пойыз атына түсіп кеткен
ашық дереккөзі
Елде алты ай ішінде пойыздың астына түсіп қалғандар саны 57-ге жетті, олардың жартысына жуығы қаза тапқан. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 2017 жылғы 6 айда темір жолда жүруге тыйым салынған жерден өткені үшін 15 838 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, пойызды шұғыл тежеуге тура келген 761 жағдай тіркелді, оның ішінде темір жолда адамның болуы себебінен - 358, малдық өтуіне байланысты - 304 факті, сондай-ақ жолда бөгде заттың болуы себебінен 8 факті белгіленді. Көліктегі ІІД баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова атап өткендей, негізгі себептер - өтуге болмайтын орыннан өту, қауіпсіздік қағидаларын сақтамау. Оның айтуынша, 6 айда темір жолда 5 бала жарақат алған, оның екеуі көз жұмған. Сонымен, осы жылғы 7 шілдеде «Құмшағал-Шөлдала» өткелінде электровоз 12 жастағы баланы басып кетті. Зардап шегуші Тараз қаласына ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапты. Факті ҚР ҚК 344-бабы бойынша бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді.