Қытайдан келген қандасымызға ақшасы қайтарылатын болды

Қытайдан келген қандасымызға ақшасы қайтарылатын болды

Қытайдан келген қандасымызға ақшасы қайтарылатын болды
ашық дереккөзі
Қытайдан келген Гүлжан Мәуітханға қатысты қоғамды дүрліктірген іске нүкте қойылды. Оған кеден бекетінде тәркіленген 40 мың доллары қайтарылатын болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды. Мәлімет бойынша, осы жылдың 4 сәуірінде Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға көшіп келген Гүлжан Мәуітханнан шекараның кеден бекетінде декларацияда көрсетілмеген 40 000 АҚШ доллары алынған. Гүлжан Мәуітхан Қытайдағы өз үйін сатып, осы қаражатқа Астанадан үй сатып алмақшы болған. Ол шекара арқылы ақшалай қаражатты өткізу ережелерін білмегенін түсіндірген. Нәтижесінде, «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Нәтижесінде, Зайсан аудандық соты Гүлжан Мәуітханды кінәлі деп танып, 40 000 АҚШ долларын мемлекет пайдасына алу туралы шешім шығарған. Апелляциялық сатыда сот ісін жүргізу тілі туралы талап сақталмағандықтан, шешім бұзылған. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы осы істі мұқият зерделеп: «Гүлжан Мәуітханның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмағанын анықтады, себебі Гүлжан Мәуітхан Қытайдан ақшалай қаражатты құпия түрде әкелу ниеті болмаған» деген қорытындыға келді.