Үндістанда президент сайлауы басталды

Үндістанда президент сайлауы басталды

Үндістанда президент сайлауы басталды
ашық дереккөзі
Үндістанда президент сайлауы өтуде. 2007 жылдан бері елде мемлекет басқарған алғашқы әйел атанған Пратибха Патилдің орнына бірнеше кандидат үміткер болып отыр. Атап айтқанда, бүгінгі сайлауға бұрынғы қаржы министрі, Біріккен прогрессивтік альянс коалициясы ұсынған Пранаб Мукерджи, бұрынғы парламент спикері, жалғыз оппозициялық кандидат Пурно Агитоком Сангмой, сонымен қатар, Бхаратия джана партиясы (Үнді халықтық партиясы) мен Аннадураи атындағы бүкілүндістандық дравид федерациясы қатысады. Айта кетейік, мемлекет басшысы бірнеше рет қайта сайлануы мүмкін, алайда Үндістан тәуелсіздігін алған сәттен бері 1947 жылы Рджендра Прасад қана бұл лауазымға екі рет сайланған болатын (1950-1962 жылдары). Үндістан президенті мемлекет басшысы бола отырып, Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы және айтарлықтай билікке ие болады. Дауыстарды санау жексенбіге қарай аяқталып, президентті ұлықтау рәсімі 25 шілде күні өткізілмек.